2018 жылдың 26 қазанында Тәлімгерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты: университет студенттері арасындағы суицидтік әрекеттерді алдын-алу бойынша тәлімгерлердің қабілеттерін жетілдіру, күйзеліс жағдайында жүрген студенттермен өзара қарым-қатынас жасау барысындағы тәлімгерлердің қолдау стратегияларының жиынтығын кеңейту.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1. жастардың суицидтік әрекеті және оның көріну себептері туралы тәлімгерлердің білімдерін жетілдіру;
2. суицидтік әрекетке бейімі бар студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
3. суицидтік әрекетке бейім студенттерді анықтау бойынша тәлімгерлерді оқыту;
4. тәлімгердің студеттердің күйзеліс жағдайындағы іс-әрекетінің алгоритмін жасау (студенттердің өз-өзіне қол жұмсау ниеті көрінгенде).
Семинарда жас ерекшеліктерін ескере отырып, студенттердегі суицидтік әрекеттердің көріну белгілері, тәуекел ету факторлары, себептері, негізгі мотивтері мен суицидке қарсы факторлар туралы сұрақтар қойылды.
Семинар соңында өмір құндылықтары туралы психологиялық жаттығулар өткізілді.