2018 жылдың 11- қазанында университетте Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы жұмысшы тобының мүшелерімен психикалық белсенділікті қоздыратын заттарды қолданудың алдын –алуға байланысты іс-шара өтті. Шараға қатысқан Алмалы ауданының нарколог дәрігері Қ.Қ. Қанаев, Алматы қаласы ішкі істер бөлімінің қоғаммен байланыс және насихат бөлімінің аға инспекторы В.В Моисенко, Алмалы ауданы ІІБ-ның ювендальды полиция инспекторы М.М Тастамбекова қатысты. Кездесу нашақорлық пен темекіні шегудің алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға арналды. Студенттер арасында нашақорлық, психиканы бұзатын заттарды қолданумен болатын құқық бұзушылықтың алдын алу, наркотикалық заттарды қолдану, сақтау бойынша әкімшілік және құқықтық жауапкершілік мәселелерді жан-жақты талқылады. ҚР қылмыстық заңнамалары мен әкімшілік өзгерістер туралы түсіндіріліп, профилактикалық роликтермен құжаттамалық фильмдер көрсетілді