2018 жылдың 4 қазанында Қазақстан – Ресей медицина университетітің 1 курс студенттері «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, №4 Қалалық клиникалық емханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Смагулов Алибек Мұхамеджанұлымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Алибек Мұхамеджанұлы студенттермен өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Әңгіме барысында, ол өзін кәсіби дәрігер ретінде қалай қалыптастырғаны жайлы сұрақтарға жауап берді. Әрдайым білімі мен дағдыларын тұрақты дамыту кез-келген маманның табыс кілті екенін атап өтті. Ол студенттердің назарын жаңадан бастап жатқан дәрігерлердің мәселелеріне аударды, науқастармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті, өз тәжірибесінде болған кейбір жағдайларды айтып берді, өзін-өзі дамыту және өз қабілеттерін жүзеге асыру бойынша кеңестер берді.
Бұл студенттердің студенттік өміріндегі танымдық кездесу болды, яғни студенттердің дәрігерге қойған сұрақтарынан ұққанымыздай, адамдарға тезірек көмек беру үшін бәрін танып білуге және оқуға деген үлкен күш-жігері мен құлшыныстары пайда болды.