2018ж. 22 қыркүйекте Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арналған «Көп тіл білген, көпті ілер» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара «Жалпы медицина», «Стоматология» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеттерінің өкілдері арасында командалық жарыс түрінде өткізілді. Шара қызықты өтті. Студенттер мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде өлең оқу арқылы мәнерлеп оқу шеберлігін көрсетті. Командалар түрлі көңілді жарыстарда тек тыңдап қана қоймай, сонымен қатар өздерінің білімдерін, логикалық ойлауды, шеберліктері мен тапқырлықтарын, сондай-ақ командада ойнай алу қабілетін керемет көрсете білді.
Қорытындылай келгенде, 1-орынды «Жалпы медицина» факультетінің командасы алды, 2-орынға «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеті және 3-орынға «Стоматология» факультетінің командалары ие болды.