МЕББМ «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» 2018-2019 оқу жылына ғылыми және педагогикалық, сонымен бірге бейіндік бағытта төмендегі мамандықтар бойынша магистратура бағдарламаларын жүзеге асырады:
6М110100 «Медицина» 1 – 1,5 ———– 2 жыл
6М110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» 1 – 1,5 ———– 2 жыл
Магистратураға және резидентураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға кешенді тестілеуді тапсыратын қала көрсетілген өтінішті;
2) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесін;
3) тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса) бағдарламалар бойынша:
ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);
неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл)
Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар адамдар магистратураға, резидентураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады;
4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
5) 3×4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
6) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
7) жеке куәлігінің көшірмесін;
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса) тапсырады.
Магистратура түсушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқаларын қоса алып келуі керек. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Магистратураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:
1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);
2) мамандық бойынша тапсырады.
Магистратураға түсушілердің өтінішін қабылдау 3 шілден 31 шілдеге дейін жүргізіледі.
Түсу емтихандары шет емтиханға 10 тамыздан 15 тамызға дейін, мамандығы бойынша 16 және 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.
Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:
Алматы қаласы, Төрекулов көшесі, 71
Қазақстан-Ресей медициналық университеті,
Күнделікті сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін)
Тел.:+7(7272)50-83-73 , факс.:+7(7272)50-83-75, Е-mail: info@krmu.edu.kz
Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалардың алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар:
Магистратура мамандығы | Магистратураға түсетін тұлғалар үшін талап етілетін білім деңгейі |
6М110100 – “Медицина” | 5B130100 – “Жалпы медицина”,
5B130200 – “Стоматология”, |
6М110200 – “Қоғамдық денсаулық сақтау” | 5В110200 – “Қоғамдық денсаулық сақтау”, 5B130100 – “Жалпы медицина”, 5B130200 – “Стоматология”, 5В110100 – “Мейіргер ісі”, 5В110300 – “Фармация”, 5В030100 – “Юриспруденция”, 5В051300 – “Әлемдік экономика” мамандығы бойынша кәсіптік жоғарғы білім |