Құрметті «Қазақстан-Ресей медицина университеті» МЕББМ білім алушылары, республиканың және әлемнің барлық денсаулық сақтау жүйесі беріктікке сынаудан өтіп жатқан кезеңде, Мен сіздердерге көрсеткен бірлік және жауапкершіліктеріңіз үшін терең ризашылығымды білдіргім келеді. Қазіргі уақытша форматта ең бастысы-тыныштық сақтау және өз міндеттеріңді қашықтықтан оқыту түрінде орындауды жалғастыру. Карантиннің әрекет ету кезеңінде университеттің барлық қызметтері қашықтықтан жұмыс форматына ауыстырылды. Оқу ғимаратына кіру шектелген.
Мен, сіздерге санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаудың қарапайым ережелерін және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарын сақтау қажеттігін тағы да еске салғым келеді, оларды орындау әркімнің құқығы ғана емес, қазіргі уақытта әрбір адамның міндеті болып табылады .
Уақтылы мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету үшін келесі тармақтарды орындау қажет:
- Өзін-өзі оқшаулау шараларын сақтау , сондай-ақ үйде отыру.
- Сізге ұсынылған барлық әдістерді қолдана отырып, қашықтықтан оқу.
- Ауырғандар немесе ЖРВИ белгілері туралы кураторларыңа кунделікті ақпарат беру.
- Қажеттілігіне қарай түрлі мәселерді шешу үшін өздеріңнің кураторларыңмен,кафедра және деканаттармен тығыз байланыста жұмыс жасау.
- Волонтерлік қызмет сұрақтары бойынша жастар саясаты орталығы және тәрбие жұмысы жөніндегі проректормен келісу қажет.
- Карантин кезеңінде анықтама және басқада құжаттар берілмейді.
- Ауруханада,жедел жәрдем және т.б. жағдайда жұмыс кезеңінде жоғары қауіпсіздік шаралары мен қорғануды сақтауды сұраймын, сондай-ақ барынша сақ болу қажет .
- Сіз – болашақ дәрігерсіз және бұл Сізге тиісті міндеттер жүктейді: кәсіби кеңестер мен пікірлерді айтпау, уәкілетті қызметтер мен органдардың іс- әрекеттеріне түсінік бермеу , әдептілік сақтау және кәсібилікті көрсету.
- Қазіргі уақытта арандатушылық қызмет күшеюі мүмкін,осыған байланысты Сізден ақыл-ойды сақтап, арандатушылыққа ермей, мүмкін болатын заңсыз қызметке қатыспауды сұраймын
- Дұрыс емес болуы мүмкін тексерілмеген және расталмаған мәліметтерді таратпаңыз, себебі бұл қоғамдық тәртіпті бұзуға немесе қажетсіз үрейге әкелуі мүмкін. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша қудаланатынын еске саламын .
- Ағымдағы жағдай туралы барлық ақпараттарды Сіз, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінінің сайттары бойынша аласыз.
Университет, әрдайым сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, сонымен қатар өз денсаулығыңыз және туыстарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы үшін жеке жауапкершілік туралы да ұмытуға болмайды.
Университет әкімшілігі барлығын бақылауда ұстайды,соның ішінде жедел штаб қызметін қамтамасыз ете отырып, біз Сізбен әрдайым байланыста және барлық туындаған мәселелерді шешуге тырысамыз.
Барлық сақтық шараларын сақтаңыздар, Құдай қаласа, біз бәріміз бірге ел үшін, әлем үшін, жеңіл емес, кезеңді еңсереміз.