«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті» мұражайын виртуалды тамашалау
Стоматология факультетінің 405А және Б топтарының тәлімгері Н.Т.Байназарова 2020 жылдың 3-сәуірінде «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті» мұражайын виртуалды тамашалау тәлімгерлік сағатын өткізді.
Студенттер еліміздің тәуелсіздігінің құрылу кезеңдері бейнеленген залды, Тұңғыш Президент Н.А. Назарбаевтың жаңа Қазақстанды құрудағы тарихи ролі, «ҚР Мемлекеттік Рәміздері» экспозициясын тамашалады.
«Ұйқыдағы ару» балетін онлайн көру өткізілді.
2020жылы 4 сәуір күні Стоматология факультетінің 403 А, Б топтары тәлімгері Г.Нұрғазиеваның ұйымдастыруымен Үлкен театрдағы «Ұйқыдағы ару»қойылымын онлайн көру өткізілді.
Эрмитаж бойынша онлайн экскурсия
2020 жылдың 3 сәуірінде куратор С. Тілеуғалиқызы стоматология факультетінің 408 Б тобымен Эрмитаж бойынша онлайн экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсовод Иордан сатысынан басталатын және Георгиев залына және үлкен шіркеуге апаратын Қысқы сарайдың алдыңғы анфиладасын көрсетті . Содан соң I-ші Петрді еске алуға арналған Петр мемориалды залына,салтанаты бойынша екінші саналатын алтын Елтаңбалық залға көшті. Экскурсияда көрсетілген барлық залдар Ресей империясының тарихы мен оның әскери ерліктері туралы айтады.
«Лебединое озеро» балетін вертуалды түрде тамашаланды
2020 жылғы сәуір айының 6-сы күні Стоматология факультеті 402 А және Б топтарының студенттерінің қатысуымен тәлімгер Б.А. Давлееваның ұйымдастыруымен Үлкен театрдан «Лебединое озеро» балетінің қойылымын вертуалды түрде тамашалады.