«Соғыс Батырларын мадақтау және Есте сақтау»
«Соғыс Батырларын мадақтау және Есте сақтау»
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған онлайн іс-шара. Биыл біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеміз.
Соғыс-қорқынышты, қатыгез сөз, оны естігенде, көз жасың еріксіз тамады. Ардагерлердің әңгімелерінен, фильмдерден біз сол оқиғалардың батырларының қалай соғысқанын білеміз. Жеңіс қаһармандары-бұл біздің соғыстың ұзақ да қатігез ауыртпалығын иығымен көтерген аталарымыз, әжелеріміз.
Біз соғыс болмас үшін, бүкіл әлемде бейбітшілік болу үшін олардың ерліктерін, осы соғыста қаза болғандар мен аман қалған миллиондардың ерліктерін еске алып, құрметтеуге тиіспіз. Біз майданда қаза болған батырларды еске алып, олардың жанқиярлық ерлігіне тағзым етуді ұсынамыз. Өйткені, әрбіріміз оның қайталанбауына,өткеннен сабақ алуымыз қажет.
Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:
- Ауыр соғыстың барлық қиындықтарын жеңген ардагерлерге құрмет көрсету;
- Отбасыңыздың өткенін және ата-баба дәстүрін зерттеуге қызығушылықты қалыптастыру;
- Отанының тарихи өткеніне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
- Білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету;
- Білім алушыларды мәдени құндылықтарға тарту;
- Кураторлардың біліктілігін арттыруға ықпал ету, шығармашылықпен жұмыс істейтін кураторларды анықтау;
- Қатысушыларға қашықтықтан өткізілетін іс-шараларға қатысу мүмкіндігін беру.
Іс-шараға қатысушылар: Барлық мамандықтағы 1-7 курс студенттері, резиденттер.
Іс-шара номинациялары:
- «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбындағы Эссе;
- «Міне, жеңісті Мамыр келді!»тақырыбындағы әңгімелер;
- «Вокалдық және музыкалық шығармашылық» (соғыс туралы ән орындаушылардың аудиожазбалары қабылданады);
- «Соғыс және Жеңіс туралы» Презентация;
- «Авторлық фотосурет» (түпата- әже, аталар мен әжелердің фотосуреттері, олардың деректері жазылуы тиіс).
Іс-шараны өткізу тәртібі: Жұмыстарды қабылдау 10 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін қоса алғанда.
Іс-шара нәтижелерін университет сайтында және әлеуметтік желілерде жариялау 10 мамыр 2020 жыл. Дипломдар қатысушыларға әлеуметтік іс-шара нәтижелері жарияланған сәттен бастап бір ай ішінде электрондық түрде желілерде таратылады. Қағаз түрінде дипломдар қатысушыларға 2020 жылдың қыркүйек айында тапсырылады.
Іс-шараға қатысуға өтінімді қалай дұрыс беру керек:
- Іс-шара туралы ақпаратты көшіріп алу және онымен толық танысу, номинацияны таңдау;
- Материал дайындау. Материал бар файлда қатысушының тегі мен аты аталуға тиіс;
- Электрондық пошта адресіне хат жазу e.serik@krmu.edu.kz. Хатқа өз материалыңызды бекіту қажет. Хаттың тақырыбында номинацияның атауын көрсету.