701 топтағы Тәлімгерлік сағат
2020жылдың 1-наурызында хирургия кафедрасы анестезиология және реаниматология курсымен коронавирус инфекциясы туралы on-line конференция өткізілді. Тәлімгерлік сағатқа топ кураторы м.ғ.д. профессор М.С. Малғаджаров жетекшілік ететін 701 топ хирургия мамандығының интерндері қатысты. Тыңдаушыларға «Корановирус инфекциясы» презентациясы ұсынылды.
Әңгімелесу барысында:
- Эпидемиология;
- Клиника;
- Диагностика;
- Алдын алу
мәселері талқыланды. Интерндер Қ.Оспанов, Н.Өмірзақ, Н.Амангелді 2019-nCoV инфекциясының клиникасы және профилактикасы туралы айтты, сондай-ақ ДДС корановирус инфекциясының алдын-алу шараларының стандартты ұсыныстарын айтты.
2020 жылдын 20 наурыздағы №88 клиникалық хаттамада (4- редакция) «Коронаровирусная инфекция – COVID-19» нақты баяндалған.