Әлемдік пандемия кезінде білім алу
Әлемдік пандемия кезінде еліміздегі білім беру жүйесі оқушылар мен студенттерге арналған оқу процесінің үздіксіз жалғасуын қадағалауды басты назарға алғандығы белгілі. ҚРМУ оқытушыларыда өз алдарына қойылған міндеттерді орындауға білек сыбана кірісіп, қашықтықтан білім беруге кірісіп кетті.
Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін оқытушылар мен білім алушыларға электрондық платформаларға кіруге жағдай жасалды. Оқыту құралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар пайдаланылады. Сабақ барысында негізгі «MEDKRMU MOODLE» және қосымша «What’s App», «ZOOM», «Google Classroom», «Google hangouts» сынды жүйелер қолданылуда.
«MEDKRMU MOODLE» жүйесіне алдын ала әр пән бойынша силлабус жүктеліп, оқыту үдерісі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына, бағдарламасы мен сабақ кестесіне сай жүргізіледі.Оқу, аудио, бейнероликтар,глоссарийлерді де көріп, үй тапсырмаларын «What’s App», «ZOOM», «Google Classroom» жүйелері арқылы ауызша онлайн қабылдаудамыз.