Онлайн өткен кураторлық сағаттар
«Коронавирустық пандемия кезіндегі профилактиканың маңыздылығы» атты кураторлық сағат
2020 жылғы 20 сәуірде Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 101 А, Б оқу тобында тәлімгер М. К. Байгабылованың жетекшілігімен «Коронавирустық пандемия кезіндегі профилактиканың маңыздылығы» атты кураторлық сағат онлайн Zoom форматында өтті.
Кураторлық сағаттың мақсаты: адам денсаулығын сақтауда коронавирустық инфекцияда профилактикалық шаралар тәртібінің маңыздылығын көрсету.
Студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысты, Бақытова Елнұр осы тақырып бойынша презентация ұсынды.
— — — — — — — — — — — — — — —
«Жастар арасында зиянды әдеттер мен құқық бұзушылықтың алдын алу»
«Жастар арасында зиянды әдеттер мен құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбындағы 2020 жылдың 20-сәуірінде Стоматология факультетінің 409 А, Б тобынында куратор М. В. Труш жетекшілігімен өткен кураторлық сағат жастар арасындағы зиянды әдеттердің алдын алуға (алкоголизм, темекі шегу, нашақорлық, ойын) және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған.
Мақсаты: зиянды әдеттер туралы ұғымды толықтыру, темекі шегуге, алкогольге, нашақорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру, белсенді өмірлік ұстаным арқылы денсаулықты құндылық деп бағалауға тәрбиелеу.