«Үй жағдайындағы дене шынықтыру» тақырыбында вебинар
«Үй жағдайындағы дене шынықтыру»
2020 жылдың 20-сәуірінде тәлімгерлер Е.Ю. Шемкутова және Д.Р.Бородинаның жетекшілігімен «Жалпы медицина» факультеті 120 А,Б топтарында «Үй жағдайындағы дене шынықтыру» тақырыбында вебинар түрінде тәрбие сағаты өтті.
Студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысты, үй жағдайында жүйелі спорттық жүктемелермен айналысу бүкіл ағзаның жағдайына жағымды әсер ететінін – бұлшықеттерді нығайтып, бұлшықет төзімділігін жақсартатындығын жүрек-қантамыр жүйесін дамытадығын тыңдады.
Студент Абдулаева Дильназ жаттығуларының жиынтығын көрсетті, ал Житников Денис күштік жаттығу үшін қол астындағы құралдарды қалай пайдалануға болатынын айтты.