Егер сіз он-лайн өтініш берген болсаңыз, міндетті түрде университетке барып, оқу туралы келісімшартқа қол қоюыңыз керек
КРМУ-ДА КЕЛІСІМ-ШАРТҚА ҚАЛАЙ ҚОЛ ҚОЮҒА БОЛАДЫ?
⠀
Егер сіз он-лайн өтініш берген болсаңыз, міндетті түрде университетке барып, оқу туралы келісімшартқа қол қоюыңыз керек.
⠀
ҚРМУ-дағы келісім – шарттың үш түрі бар:
◾️Ақылы бөлімге түсу туралы келісім-шарт;
◾️Грантқа түсу кезіндегі келісім – шарт;
◾️Талапкерді шартты түрде қабылдау туралы келісім-шарт.
⠀
♦️Егер сіз 18 жаста болсаңыз, онда сіз келісім-шартқа өзіңіз қол қоя аласыз.
♦️Егер сіз 18 жаста болмасаңыз, онда ата-ананың біреуі болуы керек. Шартқа ата-ана қол қояды.
♦️Егер сіз қандай да бір себептермен университетке келіп, шартқа қол қоя алмасаңыз, онда оған сенімхат ресімдеген адам қол қоя алады. Нотариалды куәландырылған құжат түпнұсқада болуы тиіс және қабылдау комиссиясына беріледі.
⠀
Келісім – шартқа 23 тамызға дейін қол қою керек, сондықтан егер сіз он-лайн ЖОО – ға құжаттар тапсырсаңыз келісім -шартқа қол қою үшін қабылдау комиссиясына келіңіз.
⠀
Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты:
◾️ дүйсенбі-жұма, 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Түскі ас: 12:00-ден 13:00-ге дейін
⠀
Біздің мекен-жайымыз:
?Абылай Абылай хан 51/53
⠀
#medkrmu #krmu