2020 жылдың 2 қарашасында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасында Фармация факультетінің 101 А және Б топтарында (куратор Р.Т.Аманова) онлайн кураторлық сағат – вебинар өткізілді. «Қазақстан – Ресей медициналық университетінің аумағы – жемқорлықсыз аумақ» атты стратегиялық міндетті орындау бойынша мақсатты антикоррупциялық жұмыс жүргізіліп жатқаны және оны жүзеге асыру мақсатында жемқорлыққа қарсы келесі бағыттарда базалық, стратегиялық және ұзақ мерзімді құжаттар әзірленіп және бекітілгені айтылды:
- Қазақстан – Ресей медициналық университетінің антикоррупциялық саясаты.
- Қазақстан – Ресей медициналық университетінің «Этикалық кодексі» қабылданды.
- Университеттің жұмыскерлері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін «Антикоррупциялық міндеттеме» әзірленді және енгізілді, бұл құжат университетке жұмысқа қабылдау кезіндегі міндетті құжаттардың тізіміне енгізілгені айтылды.