2020 жылдың 20 қарашасы күні ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтілетін Дүниежүзілік философия күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әлемдік философиядағы әл-Фараби мұрасының рөлі» атты бірлескен дөңгелек үстел өткізді. Шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, қоғамдық белсенді азаматтар қатысты.
Аталған шараға Қазақстан-Ресей медициналық университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Оразхан Т.О ұйымдастыруымен ойшылдың «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» еңбегіне арналған видео челлендж, «Ұлы даланың ғұлама ойшылы әл-Фараби» атты ойшылдың болмыс туралы ілімі мен музыка теориясына арналған баяндама және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес» атты топтық презентация жасалды.
https://www.kaznu.kz/