2021 жылғы 08 шілдеде Қазақстан-Ресей медициналық университетінде қашықтықтан форматта 2021 жылғы бітірушілерге диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті.
Рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталды. Университет ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаев барлық бітірушілерді оқуды сәтті аяқтауымен құттықтап, кәсіби және ғылыми қызметіне табыс, ақ жол тіледі.
Дипломдар тапсыру рәсіміне біздің серіктестер – қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері және мемлекеттік емтихан комиссияларының мүшелері: медицина ғылымдарының кандидаты, профессор М.Т.Сейдуманов, медицина ғылымдарының кандидаты, ІІД емханасының бас дәрігерінің орынбасары А.А.Сармасаева, ҚР Қорғаныс министрлігі орталық емханасының бас дәрігері Г.Ж.Айдаров, №4 қалалық клиникалық аурухананың мейірбике ісі жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары С.К.Сагаева және т. б. қатысты.
Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Т.А. Совостьянова түлектерді құттықтап, үздік диплом беру туралы бұйрықты оқыды, сондай-ақ университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хат алған студенттердің тізімін жариялады, сонымен қатар ковидтік орталықтарда, карантиндік және провизорлық стационарларда және СЭС жұмыс істейтін студенттерді атап өтті.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор А.К.Жангабылов, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Б.Ж. Салимгереева сөз сөйледі.
Салтанатты рәсімнің соңында бакалавриат және интернатура түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.