Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 2021 жылғы 14 қыркүйекте Алматы қаласы Дін істері басқармасымен бірлескен жұмыс аясында Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Кантарбаева Жанна Уринбасарқызы мен онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері, экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері туралы айтылды.
Сондай-ақ, Спикер қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және мемлекеттің өркендеуі үшін конфессияаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.