Тілдер мерекесіне арналған «Тіл – достықтың тірегі» атты іс-шара

Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында 2021 жылы қыркүйектің 22 – сі күні Тілдер мерекесіне орай, Тіл пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың тірегі» атты онлайн мерекелік іс-шара өтті.

Аталмыш шараға университеттің тәрбие жөніндегі проректоры мен бөлім басшысы, оқытушылар мен 1-курс студенттері қатысты.

Үш тілді еркін меңгерген студенттер тақырыпқа орай өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде өлеңдер оқылып, музыкалық композициялық шығармалар орындалды.