2021 жылдың 05 қазанында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің мамандығым-менің мақтанышым» атты студенттік онлайн-конференция өткізілді. Конференцияға Алматы қаласының университеттері қатысты: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Caspian university және Қазақстан-Ресей медициналық университеті.
Конференцияны тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Т.А. Совостьянова ашты.
Конференцияның мақсаты: мамандық таңдау туралы мәселені өзектендіру және оның жеке таңдауының дұрыстығын талдау.
Конференция жұмысында 1, 2 және 3 дәрежелі диплом алған жүлдегерлер анықталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.