2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Т.А.Совостьянова, тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің
бастығы С.Ш.Шайхина, бөлімнің бас маманы А.А.Зияданова жатақханада тұратын білім алушылармен жатақханада тұру тәртібінің ережелерімен, эпидемиологиялық жағдай және міндетті вакцинация туралы, короновирусты жұқтыру кезіндегі карантиндік іс-шаралар туралы, өрт, жер сілкінісі кезіндегі ТЖ туындағанда жасалатын әрекеттер туралы, сондай-ақ террористік сипаттағы жағдай туындаған кездегі әрекеттермен таныстыру мақсатында бірнеше рет кездесулер өткізді. Терроризмнің мәні және террористердің құрбанына айналу ықтималдығын азайтатын сақтық шараларын үнемі орындау қажеттілігі туралы әңгіме жүргізді.