Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 2022 жылғы 23 ақпанда университеттің Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімі мен Алматы қаласы Дін істері басқармасымен бірлескен жұмыс аясында Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, философия магистры, дінтану докторанты Сарсембаев Руслан Меиржанұлы мен онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері, экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері туралы айтылды. Сондай-ақ, Спикер қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және мемлекеттің өркендеуі үшін конфессияаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.