2022 жылдың 24 ақпанында жастар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу мақсатында «Микробиология кафедрасының иммунология курсымен» Тәрбие жұмысының жоспары бойынша барлық факультеттердің 1 курс студенттерімен онлайн кездесу өтті. Білім алушылармен кездесуде жыныстық жолмен берілетін және жоғары әлеуметтік қауіп төндіретін әртүрлі клиникалық көріністері бар жұқпалы аурулар тобы туралы баяндалды. Бұл инфекциялар адамның жыныстық және репродуктивті денсаулығына тікелей әсер етеді, стигматизацияға, бедеулікке, онкологиялық аурулар мен жүктілік кезіндегі асқынуларға алып келеді, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының қаупін арттырады.
Олар патологиялардың пайда болуын болдырмауға және қауіп факторларын жоюға бағытталған сауықтыру шараларының кешенін атап өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларда көптеген сұрақтар туындап, оларға толық жауаптар алынды.