2022 жылдың сәуір айында Жалпы медицина факультетінің студенттері мен университеттің патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасы патологиялық физиология курсының кураторлары Джакомо Пуччинидің «Богема» операсына барды. Студенттер мен оқытушылар Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театры әртістерінің шеберлігін ерекше ықыласпен бақылап, жағымды эмоциялар алды.
Театрға барудың басты мақсаты-студенттердің бойында адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтарды, этикалық нормалар мен қоғамдағы жалпы қабылданған мінез-құлық ережелерін қалыптастыру; тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуы және студенттердің оқу уақытынан тыс бос уақытын өткізуі үшін жағдай жасау.