2022 жылғы 15 наурызда Дерматовенерология кафедрасы фтизиатрия курсымен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес онлайн режимде туберкулездің алдын алу бойынша бірыңғай кураторлық сағат өткізді. Іс-шарада кафедра меңгерушісі А.А. Толыбекова және аға оқытушы А.Д. Сатвалдиева сөз сөйлеп өзектілігін жоғалтпаған тақырыптың маңыздылығын атап айтты, өйткені 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні атап өтіледі.
Баяндама тақырыбы: «Туберкулез. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) барысында ерте диагностикалау және анықтау», «Туберкулездің алдын алу» тақырыптарында Фтизиатрия курсының меңгерушісі, м. ғ. д., профессор Г.А Смаилова. және оқытушы А.С. Хасетова сөз сөйледі.
Іс – шараның мақсаты – туберкулездің алдын алу және білім алушылардың туберкулездің жаһандық эпидемиясы туралы мағұлматтылығын арттыру арқылы оны жою болып табылады.