2022 жылдың 30 мамырында университетте Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы А.С.Сумесиновтың ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған патриоттық іс-шара өтті, оған жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында студенттер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, Алаш партиясының Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы күресіне арналған баяндамалар мен презентациялар жасалды. Алаш арыстарының саяси қызметі, халықтың тағдыры мен рухани мұрасы көрсетілді. Алаштың Отанға қызмет етудің үлгісі болған адамгершілік өсиеттері, білім мен ғылым жолындағы ізденістер туралы тарихи дереккөздерден мысалдар келтіріліп, болашақ ұрпақтың жадында мәңгі сақталуға тиіс өлеңдер оқылды.