Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 2022 жылғы 03 қазанда Алматы қаласы Дін істері басқармасымен және «Адам және қоғам» үкіметтік емес ұйымы» қоғамдық бірлестігі бірлескен жұмыс шеңберінде Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Академиясының аға оқытушысы, полиция полковнигі Жұмаділдаев Қуанышбай Төлегенұлымен онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеяларды тарату әдістері, ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы туралы айтылды. Сарапшы конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін құқықтық сананы, отбасы мен қоғамдағы толерантты дәстүрлерді бекітуді қоса алғанда, халықтың жалпы мәдениеті мен білімін көтерудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.