27 қыкүйек 2022ж. ҚРМУ Кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Медиалық және ақпараттық сауаттылықтың негізгі дағдылары» тақырыбында онлайн вебинар өтті. Вебинар спикерлері Назарбаев Университетінің ақпараттық- библиографиялық кеңсесінің сарапшы- менеджері Дарья Звонарева мен оқырмандарға қызмет көрсету кеңсесінің сарапшы- менеджері Анар Даутова:
• интернеттен және академиялық ресурстардан ақпаратты табу стратегиялары;
• ақпарат көздерін анықтау және бағалау;
• дереккөздерге сілтеме жасау;
• ақпараттық этика;
• плагиатқа қатысты жан- жақты баяндады.
Вебинарға 47 (оффлайн – 22, онлайн – 25) оқырман қатысты. Спикерлерге оқырмандар тарапынан өздерін қызықтырған көптеген сұрақтар қойылды. Соның ішінде, вебинарға қатысушылар плагиатқа қандай бағдарламада тексеріледі, мақаланың ғылыми бағытқа сәйкес келуі, мақалалар жариялау үшін қандай талаптар қойылады, т.б. мәселелер бойынша ақпараттар алды.
Қорытынды
Медиасауаттылық – бейнелерді (образдарды), дыбыстарды және хабарламаларды алу, талдап-сараптау және бағалау қабілеті, сонымен қатар медиа әлемде жеке мақсаттарда дұрыс байланыс орнату қабілеті. Медиасауаттылыққа мына құзіреттер жатады:
● Эстетикалық және шығармашылық: медиаконтентті зерделеу, жасау және түсіндіру қабілеті.
● Байланыс және коммуникация: медианың жәрдемімен қарым-қатынас орнату және түрлі медиа рөлдерді жобалай білу қабілеті, яғни ақпарат тұтынушы және ақпарат жеткізуші болып көру.
● Сыни ойлау және талдау: медиаформаларды және олардың мазмұнын әртүрлі талдау құралдарының көмегімен түсіну, түсіндіру және бағалау қабілеті.
● Медиа және ақпараттық сауаттылық – медианы, бұқаралық ақпарат құралдарын және басқа да ақпарат көздерін (кітапхана, мұрағат, мұражай) тиімді пайдалану қабілеті. Бұл сыни ойлау және өмір бойы оқу, іздену, білім алу дағдыларымен байланысты. Бұлар – азаматтық қоғамда белсенді өмір сүріп, әлеуметтену үшін өте қажетті дағдылар.