2018 жылы 19 қазанда Қазақстан – Ресей медицина университетінде «Студенттер қатарына қабылдау» дәстүрлі мерекесі өтті.
Әлемдегі ең әділетті және ең мәртебелі мамандық – дәрігер мамандығымен өздерінің болашақ өмірін байланыстыруға шешім қабылдаған студент-дәрігерлерді студенттер қатарына қабылдау Университет үшін дәстүрлі мереке болып саналады.
Ректор-медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Т. Жайнақбаев бірінші курс студенттерін өмірдегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтап, адамдардың денсаулығы үшін адал қызмет етуді тіледі. Сонымен қатар студенттерді: академиялық қызмет жөніндегі проректор м.ғ.к. А.С. Құсайынова, кафедра меңгерушісі, проф. Т.К. Ботабекова, Жалпы медицина факультетінің деканы проф. Х.Х. Абдукаримов, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-клиникалық госпиталінің бастығы А.В. Рысбав, әскери кафедра бастығы, полковник З.К. Садвокасов және әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі маман, полковник А.С. Усербаев құттықтады.
Салтанатты жағдайда студенттер Гиппократ антын қабылдады. Салтанатты іс-шараны студенттер күшімен дайындалған мерекелік концерт аяқтады.
Салтанатты шара шынайылық пен жылулыққа, қуанышқа толы болып, балалықпен қоштасудың сәті болды. Алда ұзақ және күрделі жол, сан мыңдаған қуанышты сәттер күтілуде.