«ЕЛ – БҮГІНШІЛ, МЕНІКІ – ЕРТЕҢГІ ҮШІН» ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығы және Дүниежүзілік философия күніне арналған іс-шара
22 қараша 2022 жылы Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Т.Оразхан және «Фармация» мамандығының 2-курс білім алушыларының ұйымдастыруымен, философия пәні бойынша көрнекті қоғам қайраткері, әдебиеттанушы ғалым, ақын, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығы және Дүниежүзілік философия күніне арналған: «Ел – бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін» атты танымдық іс-шара өтті.
Танымдық-тәрбиелік іс-шарада білім алушылар қазақ халқының Батыс философиясынан өзгеше, академиялық емес, өмірлік тәжірибе мен адам-әлем қарым-қатынасына негізделген – әлем мен табиғат, қоғам мен адам, болмыс, өмірдің мәні турлы дүниеге деген көзқарасының өзіндік ерекшелігін ашуға талпыныс жасады.