Қараша айының 19 жұлдызында университетімізде Республика күніне арналған дебат турнирі өтті. Дебат турнирі АПФ (Американдық параменттік формат) және ЛД (Линкольн-Дуглас) форматтарында өтті. АПФ форматында фракциялар өзара жарысып, ЛД-ға осы АПФ-тен іріктеліп алынған үздік спикерлер шықты. Аталмыш іс-шарада 2 кезең бойынша 5 қарар ойналды. Студенттер Болондық жүйе, цифрлы Қазақстан, әріптестік немесе бәсекелестік тақырыптары қамтылған резолюциялар бойынша кейс құрап, өз білімдерін төреші мен аудиторияға, қарсы фракцияға көрсетті.
Турниріміздің қорытындысы бойынша, ой шеберлігі мен сөз ұтқырлығын танытқаны үшін АПФ форматында жүлделі 1 орынға ие болды: Ермағанбет Ақнұр мен Турганбаев Атабек; жүлделі 2 орын иегерлері: Иманбаева Самал, Дильдабекова Ақмарал; 3 орын иегерлері: Нұрғалиқызы Аяулым, Суинова Мадина.
Аманбек Бағым және Иманбаева Самал турнирдің Үздік спикерлері атанды.