2022 жылдың 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған конференция өтті. Шараны ұйымдастырушылар:- акушерлік және гинекология кафедрасының оқытушылары мен 723 – 744 кураторлық топтар. Конференцияның жүргізушілері: Әбдрахманова С., Ержан П.
Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріміз талқыланды. 1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Қазіргі кезде Қазақстанымыз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.Экономикалық байланысымыз даму үстінде. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі болуда. Осының бәрі – тұғырлы тәуелсіздік тұсында қол жеткізген жеңістер мен табыстар.