Медициналық жоғары оқу орындарында медициналық терминдерді ағылшын тілінде оқыту – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі. Ағылшын тіліндегі медициналық терминдерді жақсы білу бүгінгі студент үшін ақпарат алмасу және болашақ кәсіби маман ретінде өзін-өзі дамыту құралдарының бірі. Қазақстан-Ресей медициналық университеті Тілдік пәндер кафедрасы ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Молдағалиева С.А. медициналық терминдерді ағылшын тілінде оқыту тәжірибесімен бөлісті. Элективті курс бағдарламасы жиі қолданылатын медициналық терминдердің ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі баламасын түсініп, оқып-үйрену, қолдану дағдыларын жетілдіру мақсатында жасалған. Светлана Айдынғалиқызының айтуынша аталған элективті курсқа деген студенттердің қызығушылығы өте жоғары.