2023 жылдың 16 қаңтары күні Тіл пәндері кафедрасында интеграциялық оқыту бойынша тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинар мақсаты – педагогикалық шеберлікті шыңдау, ІІ семестрде интеграциялық топтарда өткізілетін сабақтарды алдын ала пысықтап, талдап алу. Орыс тілі пәнінің маманы, ф.ғ.д. Г.М.Чумбалова тақырып бойынша ізденіске негізделген аудиториялық жұмыстар мен үй жұмысының жақсы үлгісін көрсетті.
Қарастырылған грамматикалық тақырып – «Нақ осы шақ», ал лексикалық тақырып – «Тыныс алу жүйесі». Осы тақырыпты игеру барысында тыныс алу жүйесі ауруларының ішінде пневмония, плеврит, т.б. аурулардың негізгі белгілері, емдеу жолдары үш тілде қарастырылды. Мәселен, жөтелу, булығу, дене қызуының көтерілуі, ауа жетпеу, тыныстың тарылуы, ұйқының бұзылуы, т.б.
Тек нақ осы шақта сөйлеу керек деген шарт қойылған «Дәрігер мен баласы ауырып келген ана» тақырыбындағы рөлдік ойын сәтті шықты. Мұны ІІ семестрде осы тақырыпта өткізілетін сабақ кезінде әрі нақ осы шақты бекітуге, әрі тақырыпты қорытуға қолдануға болады. Мәселен, үш шағын топқа беріп, олар үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) рөлдік ойынды ұйымдастырса, нәтижелі жұмыс болары анық. Бүгінгі семинарға кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д. Дүйсембекова Л.С., оқытушылар: Кулабаева Р.Т., Бейсебекова Г., Ибрагимова А.М., Аманбаева Г.К., Молдагалиева С.А., Керемкулова М.Б., Утешева Е.А., Г.С.Сапар қатысты. Тәжірибе алмасу ертең де жалғасады.