Болашақ дәрігерлерді дайындау барысында латын тілін оқыту өте маңызды. Латын тілінің негізін білмей медициналық білімді игеру мүмкін емес. Бұл пән анатомия, биология, биохимия, микробиология, фармакология, сондай-ақ клиникалық пәндермен тығыз байланысты. Медициналық жоғары оқу орындарының бірқатарында латын тілі пәні Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан алынып тасталды. Ал Қазақстан-Ресей медициналық университетінде бұл пән міндетті пәндер қатарында оқытылады. Биыл бірінші курс студенттерімен болған жүздесуде олардың бірқатары осы университетті латын тілі пәні жүргізілетін болғандықтан таңдағандықтарын да айтқан болатын.
2023-жылдың 29-қаңтары күні Тіл пәндері кафедрасының Латын тілі секциясы биылғы оқу жылының ІІ семестріндегі бірінші отырысын өткізді. Латын тілі – «Стоматология», «Фармация» мамандықтары бойынша оқитын І курс студенттері үшін ІІ семестрдегі жаңа пән. Отырыста осы мамандықтарда өткізілетін Латын тілі пәні сабақтарының бағытына, ерекшеліктеріне талдау жасалды. Бірінші және екінші Аралық бақылаудың өткізілу барысына дайындықтың жай-күйі туралы ақпарат тыңдалды. Барлық оқытушыларға Аралық бақылаулардың әр мамандықтың барлық топтары бойынша бірыңғай талаппен, бірыңғай мазмұнда өткізілуі керектігі ескертілді.
Секция жұмысына қатысушы оқытушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Аға оқытушы Н.М.Теңізбаева алдағы аптада өткізілетін тақырыптарға қатысты өз тәжірибесімен бөлісті. Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінен келіп сабақ өткізіп жүрген оқытушылар Қазақстан-Ресей медициналық университеті студенттерінің біліміне, оқуға деген құштарлықтарына, сабақтардың 10-12 студенттен ғана тұратын шағын топтарда өткізілетіндіктеріне тәнті болғандықтарын жасырмады.
Секция жұмысына кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д, Л.С.Дүйсембекова, оқу ісінің меңгерушісі Р.Т.Кулабаева, ф.ғ.к. Б.Қ. Аққожина, ф.ғ.к. З.А.Муканова, ф.ғ.к. Д.А. Карагойшиева, аға оқытушылар: Н.М.Теңізбаева, А.А. Баянбаева, Л. Халимульдинова қатысты.