2023 жылғы 26 қаңтарда молекулалық биология, жалпы химия және биохимия курстарымен кафедрасының кураторлары Жалпы медицина факультетінің 1 курс 107а,Б, 108А,Б, 118А,Б, 122А,Б, 123А,Б, 202а,Б,204 А, Б,206 А, Б,212 А, Б,219 А, Б,221 А, Б топтары студенттерінің қатысуымен «COVID-19» тақырыбында конференция өткізді.
Студенттерге COVID-19 алдын алу туралы материал, сондай-ақ әртүрлі вирустар мен бактериялар туралы ақпарат берілді. Вирустардың таралуына, тамақтанудың маңыздылығына және салауатты өмір салтына қатысты мәселелер талқыланды. Вирустың таралуы қайталануы мүмкін екендігі түсіндірілді және бұл жағдайда аурудың алдын – алу өте маңызды, сондықтан бетперде кию керек, антисептиктерді жиі қолдану керек, әр тамақ алдында қолды жуу керектігі туралы айтылды. Студенттер салауатты өмір салтын ұстанады ма, жоқ па деген сауалнама жүргізілді, онда студенттер арасында көбісі үнемі жаттығулар жасап, спортпен шұғылданатыны туралы анықталды.