«Қазақстан-Ресей медициналық университеті» Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында Академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университетімен байланыс орнатқан. 1943-жылы ашылған Рязань мемлекеттік медицина университеті Ресейдегі профильді ірі жоғары оқу орындарының бірі. Осы байланыс аясында ҚРМУ-дың Тіл пәндері кафедрасы мен Рязань университетінің Шет тілдері кафедрасы да жұмыс жүргізіп жатыр. Екіжақты келісім бойынша 2022-23-оқу жылының ІІ семестрінен бастап Рязань мемлекеттік медицина университеті Шет тілдері кафедрасының оқытушылары «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алып жатқан 1-курс студенттеріне, ал ҚРМУ Тіл пәндері кафедрасының оқытушылары «Емдеу ісі» факультетінің 1-курс студенттеріне Ағылшын тілі пәнін онлайн режимде жүргізеді.
Академиялық мобильділік бағдарламасы аясындағы байланыс екі университет басшылығы мен халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімдері, тілдік пәндер кафедралары арасындағы ақпарат алмасу, диалог жүргізу нәтижесінде жүзеге асты.