2023 жылғы 22 ақпанда Мейірбике ісі факультетінің түлектеріне диплом табыстау іс – шарасы салтанатты түрде өтті. Түлектерге «Денсаулық сақтау бакалавры» біліктілігі берілді.
Іс-шараның модераторы Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, доцент Т.А. Совостьянова іс-шараның ашылу рәсімін Ғылым және клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.О. Сейдалинге ұсынды.
Түлектерді мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Алдашева, Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты М.А. Алдиярова, декан орынбасары Р.Н. Жундабекова құттықтады.
Дипломдарды салтанатты тапсыру соңында мерекелік концерт өтті.