2023 жылғы 2 наурызда Дерматовенерология фтизиатрия курсымен кафедрасының оқытушылары, тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, туберкулездің алдын алу бойынша 1 курс студенттеріне дәріс өткізді. Іс-шараны тәрбие жөніндегі проректор, доцент Т.А. Совостьянова ашты. Дәрісте Фтизиатрия курсы меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Смаилова, аға оқытушы, медицина ғылымдарының кандидаты Г.Л. Сағынтаева сөз сөйлеп, өзектілігін жоғалтпаған тақырыптың маңыздылығын атап өтті, өйткені 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі.
Іс – шараның мақсаты – туберкулездің алдын алу және білім алушылардың туберкулездің жаһандық эпидемиясы туралы мағұлматтылығын арттыру арқылы оны жою болып табылады.