2023 жылғы 13-17 ақпан аралығында ҚРМУ командасы ТЖ медицинасы және шұғыл медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі С.М. Закриярованың жетекшілігімен И.М. Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің базасында өткен «Қауіпсіздік аймағы» шұғыл медициналық көмек бойынша студенттік Сеченов Олимпиадасына қатысты. ҚРМУдың «Адреналин» командасы іріктеу турында ТМД елдерінің (Ресей, Беларусь, Қазақстан және т. б.) 100 командасы арасында 6 орын алып, 2023 жылғы 15-16 наурыз аралығында бастап Мәскеу қаласында өткен күндізгі финалдық кезеңге қатысуға шақырылды. Байқау қорытындысы бойынша команда 4 орынға ие болып, құрмет грамоталарымен, сондай-ақ «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша кубокпен марапатталды.