Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты – «Қазақстан-Ресей медицина университеті» МЕББМ-нің түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
2022-2023 оқу жылында 1023 жас маман оқуын аяқтауда:
Оның ішінде бағдарлама бойынша:
Бакалавриат – 210;
Интернатура– 541;
Резидентура – 261;
Магистратура – 11;
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының денсаулық сақтау басқармасының, 100-ден астам медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жәрмеңке барысында, жеке кездесулерде Республиканың медициналық ұйымдарының өкілдері баяндама жасап, өз аймағы, облыстың медициналық ұйымдары, кадрларға деген қажеттілік және ұсынылатын әлеуметтік пакеттер туралы айтты. Жұмыс берушілер ұйымдардың презентациялары мен проспектілерін дайындады.