2023 жылдың 21 сәуірінде С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина
университетінде базалық медициналық пәндер бойынша 1-3 курс білім алушылары
арасында онлайн режимінде халықаралық пәндік студенттік олимпиада өткізілді.
Жыл сайын өтетін халықаралық пәндік студенттік олимпиаданың мақсаты,
медицина саласындағы білімді насихаттау, сондай-ақ студенттердің базалық пәндер
бойынша оқу барысындағы қызығушылығын арттыру, студенттердің ғылыми және
шығармашылық әлеуетін көрсету үшін мүмкіндіктер жасау және халықаралық
байланыстарды нығайту.
Анатомия және Гистология пәндерінен өткен Олимпиада қорытындысы бойынша,
Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттерінен құралған командалар, үшінші
орынды иеленді.
Командалар құрамы:
1 Ахметов Дінмұхамед (214Б),
2 Экстер Мария (214А),
3 Анварова Севара (214Б),
4 Редченко Татьяна (214Б),
5 Фролова Мария (215А).
1 Нұрсалбек Ақнұр (223А),
2 Сәрсебек Ақерке (223А),
3 Илиева Илдана (215Б),
4 Итахунова Мадина (215Б),
5 Пирназарова Әйгерім (215Б).