“Фармация” факультеті үшін 2-курс студенті Өмірбек Айсұлтан Айдарұлының жетістігі мақтаныш болды. Ол тек қатысып қана қоймай, фармацевтика саласындағы екі маңызды шарада студенттер арасында бірінші орынға иеленді.
Бірінші жетістік «Абу Али ибн Сино және заманауи фармацевтикадағы инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу болды. Бұл шара фармацевтика саласындағы соңғы технологиялармен инновациялар туралы тәжірибемен білім алмасу үшін әртүрлі елдердің сарапшыларын және мамандарын біріктірді.
Екінші маңызды оқиға – 2023 жылдың 19-22 маусымында Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен «Фармация және сапа» атты 2-ші ғылыми-практикалық семинар. Бұл семинар фармацевтика саласының өзекті мәселелері мен сапа мәселелерін талқылау үшін фармацевтика саласының жетекші сарапшылары мен мамандарын біріктірді.
Жарқын және кәсіби шеберлігімен Өмірбек Айсұлтан Айдарұлы ғылыми жетекшісі Жалдыбаев Қайрат Кеңшілікұлының қолдауының арқасында екі іс-шарада өз зерттеу жұмысын ұсынып, қазылар алқасын өзінің білімі мен зерттеу тәсілімен таң қалдырды. Оның талпынысы студенттер арасында бірінші орынмен иеленумен марапатталды, бұл оның оқудағы тамаша жетістігін және ғылым мен фармацияға адалдығын көрсетеді.
«Фармация» кафедрасы Өмірбек Айсұлтан Айдарұлының жетістігімен халықаралық аренадағы тамаша нәтижелерімен мақтан тұтады. Оның жетістіктері барлық студенттеді шабыттап факультеттегі білім мен дайындықтың жоғары деңгейде екенін растайды. Біз Өмірбек Айсұлтан Айдарұлын құттықтап, оқу және ғылыми қызметінде одан әрі табыстарға жетуін тілейміз.