Университет және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтымен бірлесіп халықаралық мастер-классы 2023 жылдың 12-16 маусым аралығында «Ағзаның гомеостазының бұзылуының өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық мастер-классы ұйымдастырылып, медицина ғылымдарының докторы, И.И.Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің ішкі аурулар және нефрология кафедрасының профессоры, Леонтьева Н.В. жетекшілігімен өтті.
Мастер-класс барысында қатысушылар келесі тақырыптарды талқылап, әзірледі:
– Су-электролит балансы және оның бұзылуы.
– Қышқылдық-негіздік күй және оның бұзылыстары. Диуретиктер.
– Гемостаз. Гипокоагуляция және гиперкоагуляция. Типтік коагулопатия.
– эндотелийдің дисфункциясы. Пероксидант және антиоксиданттар. Липидтер алмасуы және оның бұзылыстары
– Жүйелік қабыну реакциясы синдромы.
Өткізілген шара көптеген қатысушылардың, соның ішінде резинденттер мен оқытушылардың назарын аударып, осы саладағы білімдерін толықтырды.
Университет профессор Н.В.Леонтьеваға жылдар бойы жемісті ынтымақтастық құрумен медициналық білімнің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді.