7 қыркүйекте ректор «А.Н. Бакулев атындағы Ұлттық ғылыми жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінде іс сапармен барып орталықтың директоры Елена Зеликовна Голуховамен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша алдағы қарым-қатынас нысандары талқыланып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Ұлттық ғылыми жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығының» Жоғары білікті кадрларды даярлау және кәсіби білім беру институты– кардиология және жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы мамандарды дайындайтын жетекші оқу-әдістемелік орталық болып табылады.
2020 жылдан бастап «А.Н. Бакулев атындағы Орталықта» қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес мамандарды аккредиттеу рәсімін ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын. «Әдістемелік аккредиттеу және симуляция орталығы» сәтті жұмыс істеуде.