2023 жылдың қыркүйек – қазан айларында университетте тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар кафедрасымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша дәрістер өткізді.
Дәріскерлер отансүйгіштік, білімділік, еңбекқорлық, тәртіптілік, жауапкершілік және әділеттілік сияқты қасиеттер білім алушылардың табысты дамуына ықпал ететінін атап өтті. Өйткені, осындай қасиеттері бар ұрпақ кез-келген ғылыми жаңалықтарға қол жеткізе алады.
Біздің еліміз бен азаматтарымызға, сондай-ақ еліміздегі жан-жақты әлеуметтік-экономикалық қайта құруға қатысты көптеген маңызды және өзекті тақырыптар қозғалды. Іс-шаралар білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамы алдында Қазақстанның экономика, мемлекеттік басқару және саяси реформалау саласындағы дамуының негізгі векторларын ашып, жоғары деңгейде өтті.