2023 жылы 18 қазанда Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл Басқармасының аға жедел уәкілі Дәурен Асқарұлы Көбеевпен жастар арасында синтетикалық есірткіні қолданудың зияны мен салдары туралы ақпараттық-профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараны Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырып, тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі өткізді.
Аға жедел уәкіл студенттерге есірткі қылмыстарының алдын алу, жолын кесу, ескерту, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және олардың аналогтарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтып берді. Сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу және психоактивті заттарды тұтынудың адам ағзасына теріс әсері, сондай-ақ электрондық темекіні, энергетикалық сусындарды тұтынудың зияны туралы мәселелер талқыланды.