Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар кафедрасымен бірлесіп, 2023 жылғы 16 қазанда «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірсайыс турнирін ұйымдастырды. Турнир жетекшісі-тарих ғылымдарының кандидаты, оқытушы Аккасов Б.К.
Пікірсайыс турнирі Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру және мемлекеттік жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру мақсатында өткізілді.
Турнирдің мақсаты-жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау және сыбайлас жемқорлықтан бас тарту, жастардың адалдығын, тазалығын қалыптастыру.
Пікірталас барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің идеялары мен тетіктері, атап айтқанда, аталған проблемаға қарсы күрес жөніндегі заңнаманы жетілдіру жолдары талқыланды. Студенттер сыбайлас жемқорлық және оның көрінісі, парақорлық және олардың өмірдің әртүрлі салаларына әсері сияқты проблемалық мәселелерге қатысты әртүрлі пікірлерімен алмасты.