Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2023» атағын беруге конкурс жариялады
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «ЖОО – ның үздік оқытушысы-2023» атағын беруге конкурс жариялады.
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беруге конкурс өткізу туралы
ақпарат
Конкурстың мәні: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру.
Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Конкурс туралы ақпарат: Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын (бұдан әрі – қағидалар) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі (https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/645520?lang=ru).
Конкурсқа жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары болып табылатын, конкурсқа құжаттарды ұсыну сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2023 жылдың 1-10 қараша аралығында өтеді.
Республикалық конкурсқа қатысу үшін ЖЖОКБҰ ағымдағы жылдың қараша айында ҚРҒЖБМ АЖ арқылы үміткерлердің конкурстық құжаттамасын жібереді:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес форма бойынша «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға өтінім;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімдер көрсетілген тармақтарды қоспағанда, растайтын құжаттар соңғы 5 жылда тіркеледі);
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жылдық жоспар – жұмыс кестесі;
4) ЖЖОКБҰ алқалы басқару органының шешімі;
5) жұмыс орны бойынша куәландырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) карточкалық базада қолданыстағы 20 таңбалы ағымдағы шот туралы хабарлама.
Құжаттарды электронды түрде толтыру туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесінде орналастырылатын болады (universitycontest2023.iac.kz.) конкурстың дербес электрондық мекен-жайы тіркелгеннен кейін.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысу үшін Абылай хан даңғылы 51/53 корпусының «Оқу-әдістемелік орталығы», 810 бөлме, 8 қабат, орталықтың бас маманы А. Ж. Жунусоваға хабарласуыңызды сұраймыз, эл. адрес: a.zhunusova@medkrmu.kz (тел: 8701 122 4080).