2024 жылғы 1 ақпанда Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының кураторлары М.К. Адиева (741 топ), Г.К. Нұрғазина (734 топ), А.Н. Дауренбекова (735 топ), А.Ж. Қарабаева (722 топ), Е.Н. Исмаил (736 топ), В.В. Жданов (740 топ) Жалпы медицина факультеті білімалушыларымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тіл саясатының негіздеріне арналған пікірталас турнирін өткізді. Мақсаты: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, толеранттылықты, этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту, ой-өрісін кеңейту, қазіргі Қазақстанның жетістіктері туралы білім алушылардың білімін тереңдету, білім алушылардың мемлекеттік тілді білуге және үйренуге деген танымдық қызығушылығын жандандыру; зияткерлік қабілеттерін дамыту.