2024 жыл 16 ақпанда Абылай хан 51/53, «Электрондық кітапхана» оқу залында Elsevier медициналық платформасының деректер базасының таныстыру презентациясы өтті. Презентацияға оқытушылар, докторанттар және резиденттер қатысты. Презентацияның мақсаты мен міндеті ClinicalKey, ClinicalKey Student, Osmois медициналық онлайн-платформаларымен танысу, сондай-ақ университетке тестілік қолжетімділікті ұсыну. Кездесу нәтижесінде біздің әріптестеріміз 5 аптаға ClinicalKey платформасына қызығушылық танытып, таңдады. Тұсаукесерді Elsevier компаниясының Орталық Азиядағы медициналық платформалар жөніндегі өкілі Яна Андреевна Бочкарева және Informascope компаниясының өңірлік директоры Бақдәулет Алсыханұлы Ерханов жүргізді.